BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Telegram бұғаттау туралы сот шешіміне шағым түсірді

Telegram заңгерлері Мәскеудегі Таган сотының мессенджерді бұғаттау туралы шешімімен келіспей, шағым түсірді. Бұл туралы «Агора » халықаралық құқыққорғау ұйымының басшысы Павел Чиков өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Чиковтың айтуынша, Ресей қадағалау комитетінің Telegram-ды бұғаттауға қатысты қабылдаған шарасы 20 млн IP-адрестің қолжетімсіз қалуына әкеп соққан. Қазірдің өзінде миллионнан астамы бұғаттаулы тұр.

«Бұғатталған IР-дің көбі Google, Amazon, Digital Ocean және Microsoft секілді компанияларды қоса халықаралық интернет компанияларға тиесілі. Бұл жаппай бұғаттау Telegram-мен ортақ байланысы жоқ интернет сервистерге кері әсер етіп жатыр», - деді қорғаушы.

Ондаған кәсіпорын зардап шегіп жатыр және банкротқа кетіп қалуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер