USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Тәжікстанның арнайы қызметі азаматтардың үйлерін рұқсатсыз тексеретін болды

Тәжік парламенті «Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңға өзгерістер мен түзетулер енгізді. Тәжікстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы Саймуъмин Ятимов парламентте сөйлеген сөзінде заңға өзгерістер енгізудің себебін «террористер құпия әрекет етеді, күштік құрылымдар да жасырын түрде жұмыс істеулеріне тура келеді» деп түсіндірген.

centralasian.org-тың дерегінше, Ятимов атап өткендей, «өзгерістерге сәйкес, арнайы қызмет өкілдері уақыт тығыз кезде террористер жасырынған тұрғын үйлерге ордерсіз кіруге мүмкіндік алады».

«Тәжікстанның заңдарында азаматтардың жеке меншігіне қол сұғушылыққа орын бермейді деп жазылған, бірақ террористік актіге қауіп төніп тұрғанда, тұрғындардың өмірін сақтап қалу үшін азаматтардың рұқсатсынсыз үйлерін тексеруге тура келеді», - деді МҰҚК төрағасы.

Парламент мәжілісі төрағасының егер үйде бейбіт тұрғындар болып шықса қалай болады деген сауалына Тәжікстан президентінің көмекшісі Тәжікстан заңдарына сәйкес, өтемақы төленеді деп жауап берді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады