BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Тәжікстанда дәретхана қағазынан тосын сый шықты

Pikabu қолданушысы Тәжікстанда өндірілген дәретхана қағазының бумасында не жасырылғанын жария етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәретхана қағазының рулонында жас жігіттің фотосы шықты. Қолданушылар оны желіде танымал болған Шыңғыс есімді полицей жігітке ұқсатты.

Сондай-ақ, көпшілік дәретхана қағазының бумасының логотипінде қызғылт сары жазумен ОК деген жазуды байқады. Ол – Ресей, Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азияда қолданылатын «Одноклассники» әлеуметтік желісінің логотипі.

Ал постты жазған автордың өзі портрет қағазға өңделмеген фрагмент ретінде ілініп қалуы мүмкін деген болжам айтты. Сайт қолданушылары бұған дейін дәретхана қағазында әріптерді көргенін, бірақ адамның суретін бірінші рет көріп тұрғанын жазды. Ал, кейбіреулер мұндай қағаздың ішінен әйнектің де шыққанын мәлімдеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер