BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Тәжікстанда президент тікұшағы әуежай басшысының қазасына себеп болды

Қайғылы оқиға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Таулы Бадахшан автономиялық облысына сапары кезінде болды. Президент тікұшағы қалағының қатты екпінінен Хорог әуежайының басшысы Дилдор Максудшоев тасқа құлап, басы жарылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Максудшоев ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Хорог әуежайының басшысы тәжік президентімен Дарваз ауданына еріп барған шенеуніктердің арасында болған.

Марқұмды жерлеу рәсімі бүгін өтеді.

Эмомали Рахмон оқиға орын алғанда жұмыс сапарымен Дарваз ауданындағы Шамсиддин Шохин ауылында болған.

Қайғылы оқиға болған аудан биыл су астында қалған екен. Президент табиғи апаттан зардап шеккендермен кездесті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер