BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Тәжікстан президенті мінген тікұшақ жоғалып кетті 

Сапарға шыққан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның тікұшағы Варзоб шатқалында үш сағат бойы жоғалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

Оқиға 28 наурызда болған. Ел президенті Пенджикентте Наурыз мерекесін тойлауға шыққан, бірақ жоспарланған уақытта жете алмайды. Ауа райының қолайсыздығынан ұшқыш жоспардан тыс жерге қонуды ұйғарған.

Бұл жағдайға куә болған журналист Джумхурият тікұшақ қонған жер жолда қызмет көрсетуге арналған таяз шұңқырда болғанын айтты.

«Бұл жердің шет жағында саздан жасалған екі ескі үй болды. Оларды жолда жұмыс істейтіндер әлі күнге дейін паналайды. Жергілікті тұрғындар тез арада тікұшақтың айналасына жиналды. Бір әйел адасқан қонақтарға нан мен ыстық шай әкелді», - деді журналист.

Бірнеше сағаттан кейін Эмомали Рахмон өз сапарын көлікпен жалғастырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер