BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Тәжікстан мен Өзбекстан арадағы визалық тәртіпті жойды

Фото: Sputnik Узбекистан

Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері визалық шектеулерді жою туралы келісімге келді. Бұл келісімге өзбек лидері Шавкат Мирзиёевтің Душанбеге алғашқы мемлекеттік сапары барысында қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Open Asia порталына сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон серіктестік туралы бірқатар құжатқа қол қойды. Душанбеде өткен кездесу барысында көшбасшылар екі ел арасындағы визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы автомобильдік, теміржол және авиациялық хабарламаларды жаңарту туралы келісімге келді.

Тәжікстан көшбасшысы атап өткендей, шекарадағы 16 бақылау-өткізу орындарының барлығының жұмысы кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Шавкат Мирзиёев атап өткендей, енді екі ел арасында ешқандай шешілмеген мәселе қалған жоқ.

«Азаматтардың өзара жол жүрулері туралы» келісім бойынша визасыз тәртіпті енгізу 30 күнге дейінгі мерзімде жұмыс жасайды. Алайда, аталған келісім әлі күшіне енген жоқ. Еске сала кетсек, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы визалық тәртіп 2000 жылы енгізілген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер