USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Тәжікстан – халық санының өсімінен ТМД-дағы лидерлердің бірі  

Тәжікстанда алдағы үш жылдың ішінде халық саны 10 миллион адамнан асады. Бұл туралы Asia-Plus хабарлады.

«Тәжікстанда тәуелсіздік жылдарында тұрғындардың өсімі біршама баяулады. Алайда, республика бұл көрсеткіш бойынша әлі күнге дейін ТМД кеңістігіндегі лидерлердің бірі болып табылады», – деп атап көрсетті парламент кіші палатасының вице-спикері Хайринисо Юсуфи 14 қазан күні «Демографиялық факторлар – адам мен экономиканың дамуы» деп аталатын дөңгелек үстел басындағы әңгімеде.

Тәжікстан тұрғындары соңғы 15 жылдың ішінде 26,3 пайызға көбейді.

Юсуфи республика тұрғындары құрылымында жас ұрпақтың үлес-салмағы басым екенін атап өтті. Бұл әлеуметтік шығындардың азаюына жол ашады. Оның айтуынша, бүгінде елдегі әр зейнеткерге жұмыс жасындағы 7,4 адамнан келеді.

Хайринисо Юсуфи 2015 жылы Тәжікстан халқы 8,37 млн болғанын мәлімдеді. 1998 жылмен салыстырғанда, 2,1 пайызға өскен.

«Егер өсім осы қарқынмен жүре беретін болса, 2020 жылы республика халқының саны 10,65 млн адамға жетеді», – деп атап өтті ол.

ras.kz

Ұқсас сілтемелер:
01 Желтоқсан 2016, 15:23
Жұлдызды күндердің бірі
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады