BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Татарстандағы жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Заинск-Набережные Челны тас жолында екі жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Бизнес Online басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 11 қазанда болған. Құбыр тасымалдаған MAN, қызылша тиелген КамАЗ бен ВАЗ-2111 жеңіл автокөлігі соқтығысты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі қосалқы жолдан шығып, КамАЗ-бен соқтығысқан. Қатты соққыдан екі көлік те қарсы жолаққа шығып кетіп, MAN автокөлігіне соғылды.

Салдарынан жүк көлігіндегі құбырлар ВАЗ-2111 автокөлігінің үстіне құлады.

Құтқарушылар жеңіл көліктен екі адамның мәйітін шығарды: 80 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел. Жүк көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер