BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ташкентте бананнан уланған 12 жасар қыз қайтыс болды

Ташкентте 2006 жылы дүниеге келген қыз тамақтан уланып қайтыс болды. Ал оның 2009 жылғы інісі ауруханада жатыр. Бұл туралы Газета.uz басылымы Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қыз 14 мамыр күні таңертең ерте қайтыс болған. Жақында інісі екеуі тамақтан уланды деп ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер қызды аман алып қала алмады. Қазір ұлдың жағдайы жақсы. Ол бірнеше рет құсқан. Содан соң вирусология бөлімшесіне жатқызылады.

Бала мен әжесінің айтуынша, жексенбі күні ұл хот-дог жеген, ал әпкесі банан мен сусын ішкен.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Уланудың нақты себебі содан соң белгілі болады. Прокуратура тергеу жүргізуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер