USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Ташкенте Ислам Кәрімов алаңы пайда болады

Өзбекстан астанасында Ислам Кәрімов атындағы жаңа алаң салынады. Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы, президенттіктен үміткер Шавкат Мирзияев сайлаушыларымен кездесуінде осындай ұсыныс жасады.

centralasian.org-тың хабарлауынша, бұл алаңда Өзбекстанның алғашқы президентінің ескерткіші орнатылатын болады.

Еске салсақ, биыл қарашаның басында Мәскеудегі Якиманка ауданындағы қалалық саябаққа Ислам Кәрімов есімі берілген еді. Осындай жарлықты ресейлік астана мэрі Сергей Собянин шығарды. 25 қарашада Мәскеудегі жаңа саябақ карталарда, соның ішінде Яндекс-картада Кәрімов атымен атала бастады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады