USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ташкент Еуразиялық одаққа кіру жоспары жоғын мәлімдеді

Өзбекстанның Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру жоспары жоқ деп мәлімдеді Өзбекстан үкіметінің өкілі.

centralasian.org-тың хабарлауынша, Өзбекстан сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары Шавкат Толаганов 29 қарашада Ташкентте журналистерге өзбек сарапшылары ЕАЭО-ға кіру «Өзбекстанға ешқандай артықшылықтар әпермейді, тіпті кейбір тұстарда зиян шектіреді» деген қорытынды жасағанын айтты.

Толаганов 4 желтоқсанда өтетін президент сайлауына кандидаттар сыртқы саясатты «бақилық болған президент Ислам Каримовтың нұсқауы бойынша түзетінін» ендігі мәлімдеп қойғанын айтты. Кремльдің интеграциялық бастамаларын қолдамаған Ислам Каримовтің қайтыс болғаны 2 қыркүйекте хабарланған.

Ресей президенті Владимир Путин Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан да мүше ЕАЭО-ны Мәскеудің бұрынғы Совет одағы аумағындағы ықпалын нығайту үшін және Еуропа одағы мен НАТО-ға қарсы тұруға пайдаланғысы келеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады