BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Тапаншамен ойнап отырып өзін атып алған бала қайтыс болды

Ресейдің Иркут облысындағы Ангарск қаласында 3 жастағы бала ағасының травматикалық тапаншасымен ойнап отырып, өзін атып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу ісінің бір нұсқасы бойынша, бала пәтерден туған ағасының травматикалық қаруын тауып алған. Кейін ол тапаншамен ойнап отырып, тапаншадан оқ атқан. Осы уақытта баланың туыстары көрші бөлмеде болған. Тапаншаны ер адам заңсыз сақтаған», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

5 қарашада бала ауруханаға түсті. Алайда 11 қарашада 3 жастағы бала алған жарақаты салдарынан қаза тапқан.

Аталған іс бойынша РФ Қылмыстың кодексі 111 бабы 2 тармағының «б» және «з» тармақтары негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бірақ баланың өліміне байланысты қылмыстық істі қайта қарау көзделіп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер