BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Танзанияда паром аударылып, 94 адам көз жұмды

Фото: Reuters

Танзаниядағы Виктория көлінде паром аударылды. Өзеннен 94 адамның денесі табылған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі russian.rt.com сайтына сілтеме жасап.

Танзаниялық The Citizen басылымының хабарлауынша, 44 адамның өлі денесі паром суға батып кеткеннен кейін табылған. 50 адамның денесі 21-қыркүйек күні судан шығарылған.

Паром 100-ге жуық жолаушыны және 25 тонна жүкті тасымалдауға шақталған. Алайда кеме суға батқан кезде онда 400-ден астам адам отырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Танзаниядағы Виктория көлінде жолаушылар мінген паром аударылып, соның салдарынан 44 адам қайтыс болғанын жазған едік.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер