BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Таиландта үңгірде қалып қойған төрт бала құтқарылды

8 шілде күні Таиланда үңгірде қалып қойған балалардың 4-уі жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Daily Mail-дың жазуынша, екі апта бойы үңгірден шыға алмай қалған балалардың төртеуі құтқарылған. Олар 13 жастағы Монхкхол Бунпрям, 14 жастағы Праджак Сутхам, 14 жастағы Наттавут Тхакамсай және 15 жастағы Пипат Бодху.

Пипат Бодху деген жасөсіпірім футбол клубының мүшесі болмаған. Ол үңгірге қақпашы досымен бірге еріп барған. Ал қалған 8 оқушы мен 25 жастағы жаттықтырушы әлі де үңгірден шыға алмай отыр.

Қазір құтқарылған балалар ата-аналарымен қауышып, соңынан ауруханаға жөнелтілді.

Еске сала кетейік, 23 маусымда футбол командасына қатысушы оқушылар олардың 25 жастағы жаттықтырушы үңгірге кіріп, ол жерден шыға алмай қалған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер