BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Таиландта туристер қорғаныс министрлігіне тіркеледі

Таиландтың қорғаныс министрлігі корольдіктің территориясындағы шетелден келген барлық азаматтың деректер қорын жасайды. Бұл туралы Bangkok Post жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қарулы күш өкілдері ұлттық қауіпсіздікті міндетті деңгейде қамтамасыз ету жобасы аясында туристерге, инвесторларға және шетелдік жұмысшыларға мотиронг жүргізбек. Билік елдің шетелдіктер тұратын бөлігін, әсіресе, адам сату және террористік белсенділікке байланысты бақылауға алғысы келеді.

Әзірге бұл қор іске қосылған жоқ. Бірақ құқыққорғау органдарына заңсыз келгендермен күресті күшейту тапсырылды.

ТАСС агенттігі Таиландта полицияның кезекті рейді кезінде 37 шетел азаматы ұсталғанын хабарлады.

Қазір елге кірген сырт ел азаматтары Таиландтың қай жерінде қалатынын көрсетіп, сауалнама толтырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер