BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Стивен Хокинг Жердің тозаққа айналатынын айтты

Ағылшын физик-теоретигі және ғылым саласының танымал тұлғасы Стивен Хокинг Жер планетасы, Күн жүйесінде орналасақан Венера планетасының тағдырын қайталайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Ғалымның пікірінше, климаттың өзгеруі адамзат баласының жойылуына әкеледі, ал Жер жылудың арқасында нағыз тозақтың өзіне айналады. Егер адамзат парниктік газдар шығынын азайтпаса, ерте ме, кеш пе, Жердегі орташа температура шамамен 460 градусқа жетеді.

Зерттеушілердің пайымдауынша, 4 миллиард жыл бұрын Венера Жер шарындай болған. Олар мұнда атмосфера, теңіз және өсімдіктер болған деген пікір айтуда. Алайда планетада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тіршілік иесі жойылып кеткен.

Жердің орташа жасы 4,5 миллиард жыл болғанын ескерсек, ғалымдар Жер 500 миллион жылдан кейін толықтай жансыз шөлге айналатынын болжайды.

Сонымен қатар Хокинг зиянды шығарындылар деңгейін төмендетуге бағытталған халықаралық келісімдерді атады.

Физик АҚШ президентіне климатқа байланысты Париж келісімінен бас тартқаннан соң планетаны «өлім жазасына кесті» деген айып тағып отыр.

Айта кетейік, Стивен Хокинг - Кембридж университетінің бұрынғы профессоры және халықаралық бестселлерге айналған «Уақыттың қысқаша тарихы» атты еңбектің авторы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер