BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Стамбулда екі ұшақ соқтығысып қалды

Фото: скрин

Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік халықаралық әуежайында жолаушылар тасымалдайтын екі ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Болған жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оны kokpitaero порталы өзінің YouTube-тағы парақшасында жариялады.

Роликтен оңтүстіккореялық Asiana компаниясының А330 лайнері бұрылып жатқан кезде жергілікті Turkish Airlines компаниясының А321 ұшағына қанатымен тиіп кеткенін көруге болады.

Ешкім зардап шекпеді. Тек ұшақтың қанаты қирап қалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер