BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Соңғы бес жылда халықаралық қару саудасы қарқын алды – SIPRI

2013-2017 жылдар аралығында дүние жүзінде қару саудасы қатты қарқын алып, 10 пайызға көбейген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Стокгольмдағы халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты мәлімдеді.

Қару-жарақ өндіру бойынша әлемде АҚШ көш бастап тұр. Ол әлемде өндірілген жойғыш қарулардың 34 пайызын иеленып отыр. Ал 2008-2015 жылдармен салыстырғанда Вашингтондағы қару-жарақ өндіру көлемі 25 пайызға артқан.

Ресейдің бұған дейін иеленіп келген 58 пайыз үлесі 22 пайызға дейін қысқарған. Мамандар мұны мұнай бағасының арзандауымен және батыстағы экономикалық дағдарыс пен экономикалық санкцияның әсерінен деп болжады.

Ал әлемдік деңгейде қару-жарақ өндіру бойынша алғашқы бес елдің қатарында - АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Қытай бар. Керісінше қару-жарақты сатып алу бойынша алдыңғы бестікте - Үндістан, Сауд Арабиясы, Египет және Біріккен Араб Әмірліктері тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер