BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Сөмкесін жоғалтып алудан қорыққан жолаушы рентген аппаратынан өтті

Қытайдың Гуандун провинциясындағы теміржол станциясына келген жолаушы рентген аппаратынан өтті. Өйткені ол қауіпсіздік қызметкерлеріне сенбеген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.

Ол жүгі жылжитын лентадан өткенше жоғалып кете ме деп уайымдады.

Видеодан әйелдің рентген аппаратына мініп жатқанын көруге болады. Оның денесі мониторда анық шығып тұр. Ал сөмкенің ішінде не болғаны әлі белгісіз. Жолаушы көп ақша алып өтпек болған шығар.

Теміржол вокзалының қызметкерлері рентген аппаратының денсаулыққа зиян екенін айтса да, ол оған мән бермеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер