BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Смартфон қуаттағышпен ойнаған бала аузын күйдіріп алды

Фото: Кортни Дэвистің Facebook-тегі парақшасынан

Оқиға АҚШ-тың Кентукки штатында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бір жарым жасар қыз смартфон қуаттағышпен ойнап отырып, аузын күйдіріп алды. Бұл туралы баланың анасы Кортни Дэвис фейсбукте жазды.

Дэвистің айтуынша, қызы тоққа қосылып тұрған қуаттағышты аузына тыққан. Бірнеше секунд ішінде сәбидің ауыз қуысы күйіп қалды.

«Қуаттағышты бұған дейін ешқашан аузына салған емес, мүлде ұстамайтын оны. Мен құрылғыны үнемі тоқтан суырып қоямын, бірақ сол күні шаруадан қолым босамай, үлгермей қалдым», - дейді америкалық әйел.

Бастапқыда ол баласының суретін әлеуметтік желіге салып, пост жариялауды жоспарламаған, алайда кейін ата-аналардың көбі қуаттағыштың қауіптілігі туралы ойлана бермейтінін түсінген. Пост соңында әйел Құдайға алғыс айтып, қызының жолы болғанын, мұның салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер