BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Скрипаль ісі: Ресейге ресми түрде айып тағылды

Фото: lenta.ru

Ұлыбритания Скрипалды улағаны үшін жауапкершілікті ресми түрде Мәскеуге жүктеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ГРУ-дың бұрынғы полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улаудың артында ресейдің арнайы қызметі тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, операция Кремлмен мақұлданған болуы мүмкін.

«Үкіметтік барлау қызметі берген мәліметті негізге ала отырып осындай шешімге келдік. Полиция мен Королдік прокурорлық қызмет атаған екі адам ресейлік әскери барлауда қызмет еткен, яғни ГРУ-да», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер