BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Сирияға соққы: зардап шеккендер туралы ақпарат шықты

АҚШ, Франция және Ұлыбританияның бірігіп Сирияның химиялық нысандарына жасаған соққысынан үш бейбіт тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бүгін Дамаск және Хомстағы үш зерттеу орталығы да зардап шекті. Сирия астанасының маңындағы бес әскери база мен қару қоймасы да жойылған. Бұл туралы Сириядағы SANA мемлекеттік агенттігі хабарлады, деп жазады Reuters.

Айта кетейік, бүгін АҚШ, Франция және Ұлыбритания бірігіп, Сирияға әуе соққыларын жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Куәгерлерлер АҚШ, Франция және Ұлыбританияның Сирияға жасаған соққыларының фото, видеоларын жариялады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер