BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Сіңлісінің өлген сәтін тікелей эфирде таратқан қыздың отбасы 12 мың доллар жинап алды  

Калифорниялық Обдулия Санчес сіңлісінің өлген сәтін инстаграмда тікелей эфирде тарату арқылы атақты болып шыға келді. Қыздың әрекеті желі қолданушылары мен отбасы таныстарының ашуын келтірді. Сіңлісі мен оның досының өліміне себеп болған Обдулия неге бұлай істегенін түрмеде отырып түсіндіріп берді, деп хабарлайды life.ru.

18 жастағы қыз өзінің ашық хатында отбасы өте кедей екенін, сіңлісін ақтық сапарға шығарып салатындай жағдайы болмағанын жазыпты. Обдулия «Инстаграмда» трансляция жасап, өзінің бес мың жазылушысынан ақша жинап алғысы келген.

«Бұл менің сіңлім Жаклинді жұрт қатарлы ақтық сапарға шығарып салудың жалғыз мүмкіндігі болды. Мен ақша жинап аламын деп ойладым, өйткені отбасым өте кедей тұрады», - деп жазған ол.

Бір қызығы, қыздың бұл әрекеті Жаклинді жерлеуге ақша табуға көмектесіпті. Трансляция қоғамдық резонанс тудырып, Обдулияның ата-анасы Gofundme сайтындағы науқан аясында 12 мың доллардан астам қаржы жинап алды. Отбасы Обдулияға қолдау білдіріп, оның түрмеден оралуын күтіп жүр.

«Бұл видеоны түсіргенім үшін кешірім сұраймын. Мен құбыжық болып көрінетінімді білемін, алайда мақсатыма жеттім», - деп түйіндепті хатын ол.

Естеріңізге сала кетейік, Обдулия Санчес сіңлісі Жаклин мен оның досын көлігімен алып келе жатып, жол апатына ұшыраған болатын. Ол сіңлісінің қаза болған сәтін инстаграмда тікелей эфирде таратты.

Қазір Обдулия түрмеде отыр. Оған абайсызда кісі өлтірді және көлікті мас күйінде жүргізді деген айып тағылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер