BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Сингапурды тұңғыш рет әйел адам басқарды

Фото: tass.ru

Бұған дейін Сингапур парламентінің спикері болған 63 жастағы Халима Якоб елдің жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

63 жастағы саясаткерден бөлек, мемлекет басшысының сайлауына тағы төрт адам қатысуы керек болған, алайда түрлі себептерге байланысты олардың кандидатурасы алынып тасталды. Мәселен, біреулері малай қауымынан шықпағаны үшін қатыстырылмаса, қалғандары сайлауға түсуге құқық беретін арнайы сертификат ала алмаған. Аталған құжат мемлекеттік қызметте қажетті еңбек өтілі бар немесе ірі компанияны басқаратын адамдарға ғана беріледі.

Осылайша, Халима Якоб автоматты түрде Сингапур президенті болды.

Айта кетсек, Сингапурде мемлекет басшысының билігі шектеулі, іс жүзінде елді үкімет төрағасы басқарады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер