BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Сиырға шабуыл жасаған арыстан қылғынып өлді

Қызық оқиға Кенияның Меру өлкесінде болған. Жыртқыш ол маңдағы үй жануарларын екі аптадай торуылдаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Стэнли Мвендтің айтуынша, халық «Меру» ұлттық саябақтан қашып кеткен арыстанды ұстап әкету бойынша жабайы аңдарды қорғау қызметіне жүгінген. Алайда бұл оңайға соқпаған, жыртқыш он күнен аса сиырға, қой мен ешкіге жүгіріп, адамдарды үрейде ұстаған.

Соңында қашқын ешкім күтпеген жағдайда өліп тынған. Арыстан байлаулы тұрған сиырға жүгіргенде оның арқанына оратылып қылқынып өлген. Оқиға болған жерге келген полицейлер жыртқыштың денесінде ешқандай жараның немесе оқтың ізі болмағанын мәлімдеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер