USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Шапекоэнсе» қақпашысы ұлының туған күнін тойлап, ажалдан аман қалды

Колумбия жерінде құлаған ұшақта болған «Шапекоэнсе» командасының үшінші қақпашысы Марсело Бук ұлының туған күнін отбасымен бірге атап өтуіне байланысты сапарға шықпай қалған. Соның арқасында бразилиялық ажалдан аман қалды, деп жазды The Sun.

Сондай-ақ осы командадан Оңтүстік Америка кубогының финалына 9 футболшы өтпей қалған екен. Ал YouTube порталында футболшыларының басым бөлігі апаттан қаза тапқан осы команданың кубок финалына жолдама алғанда балаша қуанған сәті түсірілген ролик жарияланды.

Дереккөз: 24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады