USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Сауд Арабиясында қар жауды

Сауд Арабиясында табиғат тосын мінез танытты. Жер бетіндегі ең ыстық аймақтардың бірінде биыл ақ ұлпа қар жауды. Елдің орталық және солтүстік-батысындағы шөлді өлкелер ақ көрпеге оранып, ауа температурасы нөлден төмен түскен, деп хабарлайды Baq.kz.

Қар орталықтағы Шакра, солтүстік-батыстағы Табук және солтүстіктегі Табарджал қалаларында жауған.

Корольдіктің бас метеорологиялық басқармасының мәліметінше, төпелеп құйған нөсер жауын салдарынан бірнеше қала мен ауылдарда сел жүріп, көлік қозғалысын қиындатты. Синоптиктер алдағы күндері де Эр-Рияд, Шығыс провинцияда, Мекке мен Мединеде, оңтүстік-батыстағы шаһарларда жаңбыр толастамайтынын хабарлады. Осыған байланысты азаматтық қорғаныс қызметі корольдік тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздік щараларын қолға алуды, барынша абай болуды ескертті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады