USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Сауд Арабиясында тұңғыш рет Кароль отбасының мүшесі өлім жазасын тартты

Фото: © РИА Новости. Александр Юрьев

Сауд Арабиясында Түрки бин Сауд әл-Кабир есімді ханзадаға қатысты өлім жазасы орындалды. Осылайша, монархия тарихында тұңғыш рет кароль отбасының мүшесі өлім жазасын тартты, деп хабарлайды Baq.kz.

Өлім жазасының орындалғаны туралы ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады uaeinside.com. Әл-Кабирге қатысты үкімді Сауд Арабиясының жоғарғы және апелляциялық соты бекітті, ал оның жазасы король жарлығымен санкцияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы сот ханзада Түрки бин Сауд әл-Карибті Эр-Риядқа жақын маңдағы шағын қалашықта болған жаппай төбелесте Әділ әл-Махемид есімді Сауд Арабиясының азаматын өлтіргені үшін айыпты деп тапты.

Кейін қаза болған жігіт ханзаданың досы екені анықталды. Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, оқиға орнына полицияны әл-Кабирдің өзі шақырған. Кейін өзі сол полицияның қолына түсті.

Сауд Арабиясы ұстанатын шариғат заңына сәйкес, адам өлтіру, есірткі контрабандасы, қарулы шабуыл, зорлау және Аллаға тіл тигізу өліммен жазаланады.

Amnesty International мәліметтеріне сенсек, өткен жылы елде 158 өлім жазасы орындалған.

Биыл Түрки бин Сауд әл-Кабирдің үкімі жыл басынан бергі орындалған 134-ші жаза болды, деп хабарлайды Франс пресс.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады