BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Сауд Арабиясында алғаш рет әйел адам мемлекеттік телеарнаның жүргізушісі болды

Фото: segodnya.ua

Сауд Арабиясының тарихында алғаш рет әйел адам мемлекеттік телеарнаның жаңалықтар жүргізушісі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Виам аль-Дахил (Weam Al Dakheel) есімді тілші Омер эн Нешванмен бірге Al Saudiya телеарнасында кешкі жаңалықтарды жүргізе бастады. Жүргізуші әйелдің шығуы консервативті корольдіктің тарихындағы елеулі оқиға болды.

Дахиль – Ливан америкалық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Ол бұрын Al-Hayat газетінде, CNBC Arabia, Al Jazeera және Al-Arab арналарында жұмыс істеген.

Соңғы кездері Сауд Арабиясында әйелдердің құқығын кеңейтуге арналған шаралар қолданылып келеді. 2017 жылдың қыркүйек айында ел билігі әйелдерге автомобиль жүргізуге салынған көпжылдық тыйымды алып тастады. Ол 2018 жылдың 1 шілдесінде толық күшін жойды. Жазда Сауд Арабиясының Әділет министрлігі 12 әйелге нотариалды қызмет көрсетуге рұқсат қағазын берді. 2018 жылдан бастап әйелдерге мейрамханалар, кинотеатрлар мен спорт стадиондарына баруға рұқсат етілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер