BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Сауд Арабиясында әйел құқығы артты

Ер адамның құқығы шексіз болып келген Сауд Арабиясы енді әйелдердің де пікірін тыңдап, ескеруді жөн көреді. Ерлі-зайыпты ажырасқан жағдайда бала бұрынғыдай әкесінде емес, анасында қалатын болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Аталған өзгерістер «2030 болжам» деп аталатын әлеуметтік, экономикалық жоспарға байланысты орындалды. 32 жастағы ханзада Мұхаммед Бен Сальман осы жоспарды енгізіп, елде реформа жасап жатқанына биыл 2 жыл толды.

Бұған дейін Сауд Арабиясында ажырасқан әйел өз балаларына қорғаншылық құқығын алу үшін жылдар бойы соттасып, күресетін. БАӘ мен Мысырда бұған дейін ешқандай қаралымсыз-ақ әке құқығы шексіз болатын. Енді бұл түбегейлі жойылды. Әділет Министрлігі анасына қатысты ешқандай айып болмаған жағдайда, балаларын даусыз әйелге беретін болды.

Сауд Арабиясындағы әйелдер құқығын қорғап, 17 жыл бойы күресіп келе жатқан Самира Алхамди: «Бұл – менің күн сайын қалап, әрең жеткен арманым. Әділет Министрлігіндегі өзгеріс қатты таңғалдырды. Жылдар бойы сот залында ғана балаларын көруге мәжбүр болып жүрген әйелдер енді бұлайша зардап шегуін тоқтатады» деді.

Бұл өзгеріс әйелдерге өз балаларының құжатын алып, оларға қатысты заңды әрекеттер жасауына құқық береді. Қаладан шығу үшін, жол жүру үшін, тіпті, жұмысқа тұру үшін бұрынғы күйеулерінен рұқсат алатын әйелдер енді ғана бостандық алғандай.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер