BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Сауд Арабиясы Канададағы елшісін кері қайтарды

Фото: ren.tv

Эр-Рияд Оттава қаласындағы елшісін консультация өткізу үшін кері қайтарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі елдегі Канада елшісін «нон-грат» тұлға деп жариялаған. Оған елден кетуге 24 сағат берілген.

Сонымен қатар корольдік Канадамен жаңа сауда-саттық және инвестициялық транзакцияларды жүргізуге тыйым салған.

Айта кетейік, өткен бейсенбі күні Канаданың сыртқы істер министрі Христя Фриланд саударабиялық құқық қорғаушы Самар Бадавидің және оның әпкесі Раиф Бадавидің қамауға алынуына қатты алаңдайтынын мәлім еткен. Елші олардың босатылуын талап еткен.

«Сауд Арабиясының либералды желісі» атты интернет-сайтының негізін қалаушы Раиф Бадави корольдіктің дін полициясы мен дін басыларын сынға алғаны үшін қамауға алынған. Сондай-ақ оған «исламға тіл тигізді және кибер қылмыс жасады, әкеге бағынбағады» деген айыптар тағылған. Бадави 10 жылға түрмеге қамалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер