USD 331.87 EUR 353.31 RUB 5.56
Астана:

Сан-Францискода құлаған Boeing 777 ұшағы (ФОТО)

Астана. 9 шілде. Baq.kz – 6 маусым күні Сан-Франциско әуежайында құлаған Asiana Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағында 307 адам болған. 

Сеулден шыққан ұшақта 307 жолаушы болған, оның 16-сы экипаж мүшелері. Апаттың салдарынан 2 қытай азаматшасы мерт болды, 182 адам әртүрлі дене жарақатын алды, бірнеше ондаған адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Апаттың неден болғаны туралы нақты дерек жоқ. Asiana Airlines компаниясының хабарлауынша, ұшқыштар көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өте тәжірибелі мамандар болған, ал боинг ұшағының ешқандай ақауы анықталмаған. Билік орындары оқиғаға лаңкестердің қатысы жоқ, деп мәлімдеді. 

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады