USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Сайлауда жеңілген Клинтон әлі күйзелісте жүр

8 қараша күні АҚШ-та өткен президенттік сайлаудың жыры әлі бітпегенге ұқсайды. АҚШ-тың Висконсин штатының сайлау комиссиясына «Жасылдар партиясының» төрайымы Джилл Стайннан арнайы петиция келіп түсті. Онда Стайн ханым Пенсильвани және Мичиган аймағындағы халықтың даусын қайта санау керек деп есептейді. Бұл ұсынысты сайлауда жеңіліп қалған Хиллари Клинтон да қолдап отыр. Бірақ...

Президенттік сайлаудан кейін халық алдына мүлде шықпаған Хиллари ханым әлі күйзелісте жүргенін журналистер қауымы байқап қалған. Өзінің құрбысы болып саналатын балаларды қорғау ұйымының төрайымы Мэриэн Эдельман ұйымдастырған игі шараға келген экс-президент мінберде тұрып әлі күйзелісте жүргенін мәлім етті. Ол президенттік сайлау өткен он күннен бері үйден шыға алмағанын айтты.

«Қазір де көрпені жамылып, қолыма жақсы әрі қызықты кітап алғанды тәуір көремін немесе үйдегі әдемі күшігіммен аулада қыдырып жүргенді ұнатамын», -деп Хиллари Клинтон ашығын айтты.

Шын мәнінде президенттік сайлаудағы жеңіліс Хиллари Клинтонды күйзеліске душар еткен және жүйкесі де сыр бере бастағанға ұқсайды. Мұны байқап қалған журналистер де сан-саққа жүгіртіп әңгіме айтуда. Тіпті америкалық бірқатар басылым Хиллари Клинтонның сайлау додасы кезіндегі жұртшылық алдына әдемі болып шыққан суреттері мен қазіргі бейнесін салыстырып қатар беруде. Расында Клинтонның қазір көзінде от жоқ. «Өз-өзіне қарауды қойып, қалай қартайып кеткен» деушілер табылып жатыр. Ақиқатында солай. Қазіргі түріне қарап Хилларидің күйзелістен әлі де шыға алмай жүргенін анық байқауға болады.

Ал сайлау додасы кезінде Хилларидың шаш үлгісін 5-6 ай бойы шаштараз өнерінің шебері америкалық Крисс Блэвенс жасап келген. Оның бетіне үш қабатты крем жағып, өз қатарынан жас етіп көрсеткен. Алайда сайлау кезінде сұлу болып көрінген Хиллари ханым құрбысы шақырған балалар шарасына келген сәтте жұрт Клинтонның керемет көркем жүзін көре алмаған. Шашын да әдемілемей, балалардың қайырымдылық кешіне олпы-солпы қалпында келе салған Хиллари ханымның көңіл күйін түсінуге болар. Негізі сайлауда Клинтон өзінің жеңетініне сөзсіз сенімді болған. Өзін күтіп -баптауға ақшасын да аямаған. Кейбір деректерге қарағанда, әр кездесуге шығар алдында шашын әспеттеуге әр жолы 600 доллардай ақша жұмсап келген. Енді саясаткердің кешегі жарқын бейнесі мен бүгінгі бет -жүзін салыстырып көріңіз.

The New York Post газетінің жазуына қарағанда, сайлауалды додасы қызған сәтте Хиллари Клинтон өзінің гардеробына 200 мың доллардан артық қаржы жұмсаған көрінеді.

«Президент боларына шын мәнінде сеніп, халық алдына жарқылдап, әдемі киімімен шығатын Клинтонда бүгін көркемдіктің елесі де қалмаған»,- дейді сарапшылар.

...Расында Клинтон әлі күйзелісте жүрген болар.

aikyn.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады