BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Саакашвилиді 15-ке жуық полицей шашынан сүйреп шығарды

Киевте Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді он бес шақты адам ұстады. Осы сәтті «Сулугини» мейрамханасындағы бақылау камераларының видеосынан көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Видеоны «Зрада чи Перемога» Telegram-арнасы жариялады.

Кадрдан бетперде және камуфляж киген 14 адамның мейрамханаға жүгіріп кіріп, Саакашвилиді жерге жатқызып қолын байлап, кейін шашынан тартып шығарғанын көруге болады.

Бұдан соң Саакашвили украиналық қаруланған топты фашистерге теңеді. Ол өзіне дөрекілік танытты деп есептейді.

12 ақпанда Украинаның шекара қызметінің арнайы өкілдері Саакашвилиді ұстап, тікұшақпен Борисполь әуежайына әкелді. Кейін Украина азаматтығынан айрылған саясаткерді Польша астанасына ұшатын ұшаққа отырғызды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер