Роскомнадзор Amazon сервисінің миллиондаған IP-адресін бұғаттады - Әлем|17 Сәуір 2018, 21:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Роскомнадзор Amazon сервисінің миллиондаған IP-адресін бұғаттады

Роскомнадзор америкалық Amazon компаниясының екі миллиондай IP-адресін бұғаттады. Бұл жөнінде коррупцияға қарсы күрес қорының белсендісі Владислав Здольников мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол Amazon-ның IP-адресін бұғаттау Telegram-ды бұғаттау жөніндегі сот шешіміне қатысы жоқ екенін айтады. Бұл шешім Бас прокуратураның бұйрығында көрсетілген екен. Осының алдында Роскомнадзор тыйым салынған сайттардың қатарына Amazon, Google және Telegram-ның бірнеше доменін енгізген.

Дүйсенбі күні Ресейде сот шешімімен Telegram-ды бұғаттай бастады. Роскомнадзор сонымен бірге тыйым салынған сайттарға кіру құралдарына да тыйым салатынын мәлімдеді.

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров "ресейліктердің құпия хат алмасу құқығын қайтаруға күресетінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, Telegram-ға тыйым салса, Ресейде ұлттық қауіпсіздік деңгейі түсіп кетеді.

Америкалық Amazon компаниясы интернет арқылы тауар сатуда әлемдегі ең ірі сервис. Бұл компанияның АҚШ-тан басқа Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция, Италия, Испания, Үндістан мен Қытайда филиалдары бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер