USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Роналду ұшақ апатынан қаза болған футболшылардың отбасына 3 млн еуро аударды  

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұшақ апатынан қаза болған бразилиялық «Шапекоэнсе» клубы футболшыларының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

sovsport.ru порталының мәліметінше, 31 жастағы футболшы қаза тапқан ойыншылардың отбасына 3 млн еуро көлемінде көмек көрсетуге шешім қабылдаған.

«Шапекоэнсе» футболшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны есеңгіретіп тастады. Мен апат құрбандарының отбасы мүшелерімен, достарымен бірге қайғырып отырмын», – деп мәлімдеді Криштиану.

Естеріңізге сала кетейік, Колумбияның солтүстік-батысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында Бразилияның «Шапекоэнсе» клубының футболшылары болған. Аталған құрама Оңтүстік Америка Кубогының финалына бара жатқан екен.

БАҚ ақпаратынша, жолаушылар ұшағы Ла-Уньон қаласының Антиокия провинциясында құлаған.

Ұшаққа 72 жолаушы және 9 экипаж мүшесі мінген. Апаттан алты адам аман қалды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады