BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Рим Папасы Индонезияға 100 мың АҚШ доллар көмек жіберді

Рим Папасы Франциск Индонезияға қаржылай қайырымдылық көмек жіберді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі islam-today сайтына сілтеме жасап.

Ватикан департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Рим Папасы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен Индонезияның Сулавеси аралына көмек ретінде 100 мың АҚШ доллар жіберген. Бұл қайырымдылық көмек Римнің Индонезия халқына рухани достық жақындығын білдіреді.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Индонезияның Сулавеси аралының тұрғындары жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен болатын. Қазіргі уақытта табиғи апаттан 1600-ге жуық адам мерт болған және мыңдаған адам әлі де іздестірлуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер