BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

РФ, Иран мен Түркия Астанадағы тоғызыншы раундтың қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылдауы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Астанадағы келіссөздердің нәтижесі бойынша Сириядағы татуластықтың кепілгер елдері – Ресей, Иран мен Түркия Астанадағы келіссөздердің 9 раундының қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

РФ президентінің сириялық реттеу бойынша арнайы өкілі, ресейлік делегацияның басшысы Александр Лаврентьевтың айтуынша, арнайы мәлімдеме қабылдануы мүмкін.

«Астана процесі жұмысының қортындысы, оның ішінде бір жылда жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдануы мүмкін және алдағы уақытта немен айналысатынымыз белгіленеді», - деді А. Лаврентьев.

Сонымен қатар, ол Ресейдің Сирияда кейбір деэскалация аймақтары өз жұмыстарын тоқтатты деп есептемейтінін тілге тиек етті.

«Біз кейбір деэскалация аймақтары өз жұмыстарын тоқтатты деп есептемейміз, жоспарлы түрде реттеуге көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп түсіндірді РФ президентінің арнайы өкілі.

Оның айтуынша, деэскалация аймақтары қалуда.

«Деэскалация аймақтары қалуда, нақты бір деңгейде өзгеруде. Аталған аймақтарда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті қалып отыр», - деп атап өтті А. Лаврентьев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Сирия бойынша Астана процесі аясында барлық кепілгер елдері делегацияларының қатысуымен екіжақты және ұшжақты келіссөздер жүруде. Келіссөздер жабық реждимде өтуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер