BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Ресейде депутатты атып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Фото: скриншот

Шешенстан парламентінің депутаты Мухмад Асхабовты атып кеткені түсірілген видео жарияланды. Кадрлар депутаттың көлігіне орнатылған бейнетіркеуіштен алынды, деп хабарлайды life.ru.

Жазбада Асхабов мінген көлікке белгісіз біреулер қара түсті көлікпен жақындап келіп, оқ жаудырғаны көрінеді. Осы кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол белгісіне соқтығысқан.

Айта кету керек, видеоның шынайы екені әзірге ресми расталған жоқ.

Бұдан бұрын Мухмад Асхабовтың көлігіне Ачхой-Мартановский ауданында шабуыл жасалғаны хабарланған еді. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, депутаттың өліміне оқ жарақаты емес, шабуылдан кейін болған жол апаты себеп болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер