BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Ресей әскеріне әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынбақ

РФ Қарулы күштерінің әскерилеріне «Одноклассники», «Вконтакте», Facebook және осыған ұқсас әлеуметтік желілерге кірмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«РФ Қорғаныс министрлігі әлемдік тордағы әскерилер мен ведомство қызметшілеріне әлеуметтік желілерді пайдаланбауға кеңес берді. Дәлірек айтсақ, сарбаздар мен офицерлерге «Одноклассники», «ВКонтакте», Facebook және т.б. ұқсас ресурстарды пайдаланбау және қызметі туралы ақпарат жариялмау, телефондағы геолокацияны сөндіріп қою ұсынылды», — делінген хабарламада.

Мұнымен қатар, әзірге мұның барлығы ұсыныс түрінде айтылғанымен, алдағы уақытта заңды күшіне енуі мүмкін. Министрліктегілердің айтуынша, әлеуметтік желідегі тәртіп 2017 жылдың соңына қарай жасалған. Әзірге бұл ұсыныстар әскери бөлімшелерге жіберілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер