USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Ресей Алепподағы әуе соққылары тоқтағанын жариялады

Кремльдің таратқан хабарына сай, ресейлік және сириялық әуе күштері Алеппо қаласын бомбалауды уақытша тоқтатты.

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдеуінше, сириялық Алеппо қаласындағы әуе соққылары жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да тоқтатылды, бейбіт тұрғындар мен бүлікшілер осы уақытта қаланы тастап кете алады.

Бұған дейін Syrian Observatory for Human Rights ұйымы "ресейлік ұшақтар Алеппоның бүлікшілер басқаруындағы аудандарын түн жарымында атқылады" деп хабарлаған еді.

Дүйсенбі күні Ресей 20 қазаннан бастап Алепподағы әскери операциялар сегіз сағатқа тоқтатылатын мәлімдеді.

БҰҰ Мәскеудің бұл мәлімдемесін құптады, бірақ бейбіт тұрғындарды қоршаудағы қаладан шығаруға, гуманитарлық көмек жеткізуге бұл уақыт аздық ететінін ескертті. Құрама Штаттардың мәлімдеуінше, Ресейдің сегіз сағаттық үзіліс туралы ұсынысы "өте кеш жасалып отыр".

centralasian.org

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады