BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Путин жолаушылар ұшағын құлатуға қалай бұйрық бергенін айтты

2014 жылы РФ президентіне Харьковтан Стамбұлға қарай бағыт алған ұшақты басып алғаны туралы хабар келген. Путин оны құлату туралы бұйрық берген. Алайда, бірнеше минуттан кейін ұшақты басып алу туралы ақпарат жалған екені анықталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

2014 жылы Ресей президенті Владимир Путин бортында бомба бар деп хабарланған жолаушылар ұшағын құлатуға бұйрық берген. Бұл жөнінде «Путин» атты деректі фильмде айтылған.

Екі сағатқа созылған деректі фильмде РФ президенті 2014 жылдың 7 ақпанында Сочидегі Олимпиаданың ашылуы алдында оған қауіпсіздік қызметінің офицері хабарласып, Харьковтан Стамбұлға қарай ұшып бара жатқан ұшақтың басып алынғаны туралы хабарлаған.

Путиннің айтуынша, ұшақты басып алғандар оны Сочиге қондыруды талап еткен. Pegasus Туркия әуе компаниясының Boeing 737-800 лайнерінің пилоттары жолаушылардың бірінде бомба болғаны туралы хабарлаған.

«Ұшақ бортында 110 жолаушы болса, ойындардың ашылу салтанатына 40 мыңнан астам адам жиналған болатын», - деп жазады портал.

Путин қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінен кеңес сұрағанда, олар төтенше жағдайлар жөніндегі іс-әрекеттер жоспары ұшақты құлатуды талап ететінін айтқан.

«Мен оларға жоспарға сәйкес әрекет жасаңыздар дедім», - деп еске алады Путин.

Президент осы бұйрығының артынша-ақ өзі Олимпиада ойындары өтетін орынға келген. Бірнеше минуттан кейін Путинге тағы қоңырау шалып, бұл жалған ақпарат екенін және әлгі жолаушы мас күйде болғанын, сол себепті ұшақ Түркияға алған бағытын жалғастырғанын хабарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер