BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Путин: Спортшыларымыздың Олимпиадаға қатысуына кедергі болмаймыз

Ресей президенті Владимир Путин ел спортшыларының 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Владимир Путин Горьковск автозауытында жұмысшылармен кездесуі кезінде айтты. Оның сөзіне қарағанда Ресей спортшыларының Кореяда өтетін 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуына рұқсат етеді.

«Спортшыларымыздың Олимпиадаға қатысуына кедергі болмаймыз. Олар бүкіл өмірін осы ойындарға дайындықпен өткізіп келеді, бұл олар үшін өте маңызды. Сондықтан, ешкімге тыйым салмаймыз»,- деді Путин.

Естеріңізде болса, халықаралық Олимпиада комитеті Лозаннада (Швейцария) өткен арнайы отырыста Ресей ойыншыларын қысқы Олимпиадаға қатыстырмау туралы шешім қабылдаған болатын. Осы шешімнен кейін ресейлік саясаткер "Олимпиада ойынына қатысудан Қазақстан да бас тартсын" деген ұсыныс жасаған еді.

Ал танымал журналист Марат Тоқашбаев кеше өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресейлік спортшылардың ХОК жалауымен қатысуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

"Халықаралық Олимпиада комитеті кеше допингтік дауларға байланысты Ресейдің Олимпиадалық комитетін мүшеліктен қолма қол шығарып тастады. Ресей үшін бұл масқара жағдай. Енді Пхенчхандағы ойындарға Ресейдің жекелеген спортшылары ХОК жалауымен қатысуы мүмкін. Бәлкім кейбіреулері Қазақстан жалауымен қатысуы да ықтимал" - деп жазған еді журналист.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-28 ақпан аралығында өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер