USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Путин ресейлік әуе күштері бомбалаған Алеппоға мобильді госпиталь жолдайды

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігіне тез арада сириялық Алеппоға мобильді госпиталь жолдауды тапсырды. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың 29 қарашада мәлімдеуінше, Путин "қала мен оның маңындағы ауылдардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді тапсырды".

centralasian.org-тың дерегінше, Ресей сириялық президент Башар Асадтың күштеріне бүлікшілер бақылауындағы Алеппо аудандарын жаулап алуға көмектесіп келеді. Сириялық қайырымдылық ұйымдары Асад үкіметі мен Ресейді Алепподағы медициналық мекемелерді бомбалап тастағаны үшін айыптап отыр.

Бұған дейін БҰҰ-ның гуманитарлық көмекпен айналысатын ұйымының басшысы Стивен О'Брайен сириялық Алепподағы "жағдай өте қиын" екендігін ескерткен болатын. "Қалада аурухана қалмады, ал азық-түлік қоры таусылуға шақ қалды", - деді ол.

Франция қаладағы гуманитарлық дағдарысты талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше сессиясын шақыруды талап етті. Алеппода шамамен 250 мың бейбіт тұрғын қоршауда қалып қойды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады