BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

ПСЖ Неймардың денсаулығына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Фото: Novoye Vremya

Бразилиялықтың бесінші табан сүйегі шытынаса да, Реалға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

ПСЖ ресми сайты Неймардың денсаулығына қатысты медициналық тексерудің нәтижесін бөлісті. Дәрігерлердің айтуынша, футболшының бесінші табан сүйегі сынған.

Естеріңізге сала кетсек, бразилиялық Марсельге қарсы ойында аяғын жарақаттап, алаңнан санитарлық зембілдің (носилка) көмегімен шығарылған еді.

Әзірге футболшы денсаулығының қашан толық қалпына келетіні айтылмады. Бірақ, әдетте футболшылар мұндай жарақаттарынан 3-5 аптаның ішінде айығып жатады. Мұнымен қатар, L'Equipe басылымы Неймардың 6 наурыз күні болатын Реалға қарсы чемпиондар лигасы ойындарына қатысатынын айтып өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер