BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жүк пойызы мен автобус соқтығысып, 4 адам қаза болды

АҚШ-тың Миссисипи штатында ірі жол-көлік апаты болып, 4 адам қаза тапты. Тағы ондаған кісі жарақат алған, дейді "Хабар-24" арнасы.

Оқиға Билокси қаласында болды. Жүріп келе жатқан жүк пойызы жолда тұрып қалған автобусты барып қағып, оны 100 метрдей жерге дейін сүйретіп апарған. Полицияның мәлімдеуінше, отарба жылдамдығы аса қатты болмаған.

«Әйтпесе көп адам опат болар еді», - дейді.

Ал Техастан шыққан автобустың теміржолда қалай тұрып қалғаны әлі белгісіз. Онда 50-дей жолаушы болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер