BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Пилот кабинасынан түсірген видеодан кейін жұрт ұшудан бас тартты

Видеода жолаушылар ұшағының Жаңа Зеландияның Квинстаун қаласына қонған сәті түсірілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Qatar Airways әуе компаниясының қызметкері Twitter қолданушыларын пилот кабинасынан түсірілген бейнежазбамен шошытты.

Роликті желіге Boeing 787 Dreamliner экипажы капитаны Сандип Варма жариялаған. Видеода ұшақ қою бұлттардың арасымен ұшып, биік таулар мен ірі су қоймасының үстінен өтеді.

«Міне, пилотқа көрініп, жолаушыларға көрінбейтін көрініс», - делінген видеоның сипаттамасында.

Желі қолданушыларының бір бөлігі экипаж мүшелеріне көрінетін көріністі жолаушылар білмегені дұрыс деп санайды. Ал кейбірі Жаңа Зеландияға енді ешқашан ұшпайтынын айтқан.

«Бұл видео менің Квинстаунға енді ешқашан бармайтынымды түсіндіреді», - деп жазды Jigar Zaveri.

«Өте қорқынышты көрінеді», - деді Niall Lyons.

Кейбір қолданушылар бұл ауданда ұшу тым қауіпті екенін атап өтті.

«Мен Жаңа Зеландияға Оңтүстік Альпі арқылы ұшқан едім, бірақ ол кезде бұлай тыныш болмаған. Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты рейс болды. Ұшақ өте жылдам төмендеді, салондағы балалар айғайлап, сөрелер ашылып қалды, жүктеріміз жан-жаққа ұшты. Айналамыз таулар болатын», - деп еске алды TheJudge.

Дегенмен, видеодан кейін Жаңа Зеландияның табиғатына тамсанып, Квинстаун орналасқан Отаго аймағына барғысы келгендер де табылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер