BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Пермь қаласының басшылары Путинді қалай алдамақ болды?

Владимир Путиннің Пермге сапары кезінде жергілікті билік қаланы «көрікті» етіп көрсетуге тырысқан. Өкінішке қарай, билік тарапының бұл қадамы әдеміліктен гөрі әзілге айналып кеткен сыңайлы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Настоящее времяға» сілтеме жасап.

8 қыркүйек күні Пермде Путиннің қатысуымен Ресейдің көлік стратегиясына қатысты Мемлекеттік кеңестің отырысы өтуі керек болған. Сонымен қатар мемлекет басшысы жергілікті «Морион» бизнес-паркінде болатынды деп жоспарланған.

Пермдіктердің айтуына қарағанда, президенттің келуі қарсаңында атқамінерлер автотұрақ ретінде пайдаланылатын ескі зауыттың қас бетін, қақпасын баннермен жауып қоймақ болған.

Сол үшін олар қақпа алдына қазіргі заманға сай, барлық жол белгілерін таңбаланған баннер орнатып тастаған.

Бірақ ол жердегі суретте Пермнің емес, Пекиннің көшелері көрініс тапқан. Ал суретті «Shutterstock» студиясы жасаған.

Алайда, атқамінерлердің қаланы «көркейтуге» деген ынта-жігері де, идеялары да мұнымен тоқтап қалған жоқ.

Көше бойындағы сұрқы қашқан аумақтардың барлығын да жасанды көгалмен жауып, асығыс-үсігіс «көгалдандырып» шықты.

Перм қаласының тұрғындары мәртебелі мейманның құрметіне қаладағы барлық құбырлардың қайнап кеткенін жазады. Себебі террористер сонда жасырынып жатуы әбден мүмкін ғой.

Есесіне бұл кезде пермдіктер әлеуметтік желіде әзілдің қазанын қайнатып жатты.

Олар Пермнің басшыларына мұнан гөрі шынайылыққа жақын баннерлерді ұсынды. Себебі Путин шынымен де ештеңені байқамай қалсын деген тілек еді.

Дегенмен билік тарапы әлеуметтік желідегі әзілкештерге «жауап» берді. Баннерлердің әлеуметтік желіде қалжыңға айналған күні ертеңінде «бетперденің» бетінде: «Не, бұлай емес пе?» деген жазу пайда болды.

Қаланың көркін ашқан баннерлердің кесірінен сол күні «Морион» мен «ЭР-телеком» зауыттарының қызметкерлері өз көліктеріне жете алмай қалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер