BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Өзін тым әдемі санайтын британиялық әйел желі қолданушыларының ашуын туғызды

Фото: скрин

Британиялық This Morning шоуының қонағы болған 44 жастағы Доун Козинс әдемілік жеке өміріне кесірін тигізіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Эфир жазбасы бағдарламаның YouTube-каналында жарияланған.

«Әлбетте, мен өте тартымдымын. Екіншіден, тым жас көрінемін. Үшіншіден, менімен бірге зерікпейсіз. Төрт бала тәрбиелеп отырған 44 жастағы әйелге мүлде ұқсамаймын», - деп мәлімдеді Козинс.

Ол ер адамдардың жасы да, кәрісі де онымен танысуға құштар екенін айтып мұңын шақты. Тіпті мектепте оқитын балаларының достары да танысады екен.

Әйелдің әңгімесі бағдарлама жүргізушілерінің күлкісін келтірсе, желі қолданушылары әйелді жат қылығы үшін айыптады.

«Сенімділік – әрине, тамаша қасиет, алайда мынау есінен алжасқан адамның әңгімесі», - деп жазды David_SC_.

«Меніңше, ол өзі туралы тым жоғары пікірде», - дейді тағы бір қолданушы vicki_ingham.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер