BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Өзбекстанда оқушы қыздардың пәктігі жаппай тексеріліп жатыр – БАҚ

Өзбекстанның Самарқан облысында жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері жаппай гинекологиялық тексеруден өтіп жатыр. Осы шараның арқасында жыныстық өмірді ерте бастаған жасөспірімдер саны анықталмақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Мемлекет шенеунігінің айтуынша, билік осылай қыздарды суицидтен сақтандырмақ. Себебі, соңғы статистикалық мәліметтер көптеген жасөспірімнің жүктілікке бола өмірлерімен қош айтысқандарын көрсетіп отыр. Мұнымен қатар, жыныстық өмірді ерте бастаған қыздардың ата-аналарымен дәрігерлер, психолог мамандар және ұстаздар жеке сөйлеседі.

Агенттіктің хабарлауынша, аз күн ішіндегі тексеріс нәтижесінде он шақты оқушының жүкті екені анықталған. Ал оқушылар мен студенттер өз кезектерінде мұндай шараның өтуіне қарсылық білдірген.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда ел президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстанда әйел өлімінің көбеюіне алаңдайтынын жеткізген болатын. Аталған шараның қолға алынуына президенттің осы пікірі мұрындық болған. Соңғы уақытта Самарқанда 145 әйел өмірімен қош айтысқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер